Психолог қабылдады

Бүгін өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматшаны Жамбыл аудандық Отбасын қолдау орталығының психологі Динара Қалиева қабылдады. Қабылдау барысында азаматшаның өтініші мен психоэмоционалдық жағдайы жан-жақты зерделеніп, оған психологиялық қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, күйзелісті еңсеру, ішкі ресурстарын нығайту және туындаған мәселелерді тиімді шешу жолдары бойынша кәсіби кеңестер мен ұсынымдар берілді.
Орталық мамандары алдағы уақытта да азаматшаға қажетті психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын жалғастырып, жан-жақты қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізетін болады.

#рекомендации

Leave A Reply

Your email address will not be published.