Қаратөбеліктер блок-бекеттер алынғанша әскерилерге көмек көрсетпек

Ел тыныштығын күзеткен әскерилер мен тәртіп сақшылары блок-бекеттерде қырағылық

 

танытып тұрғалы біршама күндер өтті.

Халық амандығы жолында қалтқысыз еңбегіне ауыл тұрғындары ризашылығын білдіру үшін қолкөмектерін көрсетіп жатыр.

Сөзімізге тұздық етер болсақ, бүгін Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғамзат Сағымбеков бастаған ауыл тұрғындары Айшабибі блок-бекетіндегі әскерилерге кешкі ас ұйымдастырып, алғысын білдірді.

Ауыл тұрғындары мұндай амалға өздері бірлесіп, жасағанын айтады.

Өз кезегінде жаңалықпен бөліскен ауыл әкімі тұрғындар өтінішін жерде қалдырмай, көлікпен, керекті қажеттіліктермен қамтамасыз еткенін айтады.

— Ауыл азаматтарымен бірге бүгін 6-нші күн қатарынан кешкі ас ұйымдастырып келеміз. Блок-бекеттер алынған күнге дейін бұл іс жалғасатын болады, — дейді ауыл әкімі

Жамбыл ауданы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.