Қазақстан жасанды интеллект дәуіріне сенімді қадам басты

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Астана қаласында өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиада Қазақстанның цифрлық даму бағытындағы ұстанымын тағы бір мәрте айқындады. Әлемнің 106 елінен келген 500-ден астам дарынды оқушының басын қосқан беделді білім додасы ғылым мен инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашып отыр.

Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның цифрлық трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің ішінде 24-орында тұр және жаңа технологияларды енгізуге дайындық деңгейі бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді.

Мемлекет басшысы бүгінде жасанды интеллект мемлекеттік басқару, экономика, бизнес, білім беру және басқа да маңызды салаларға кеңінен енгізіліп жатқанын айтты. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру үшін бірыңғай инновациялық экожүйе қалыптастырылып келеді. Сондай-ақ 2026 жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы осы стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.

Президент дарынды жастарды қолдаудың маңыздылығына да ерекше тоқталды. Былтыр Бейжіңде өткен халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылардың үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алуы – еліміздегі білім сапасының жоғары екенін және жастардың интеллектуалдық әлеуетінің зор екенін көрсетеді. Сонымен бірге Мемлекет басшысы жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс білдірді.

Халықаралық олимпиада барысында қатысушылар жасанды интеллект үлгілерін әзірлеу мен автономды роботтарды бағдарламалау бойынша бақ сынайды. Мұндай жарыстар жастардың білімін жетілдіріп қана қоймай, жаңа ғылыми идеялардың қалыптасуына және болашақтағы технологиялық серпілістердің негізін қалауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның халықаралық деңгейдегі осындай беделді олимпиаданы қабылдауы еліміздің ғылым мен білім саласындағы әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл бастамалар болашақта инновациялық экономиканы қалыптастырып, әлемдік технологиялық кеңістіктегі еліміздің орнын нығайтуға ықпал етпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.