Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

DATAmetrics компаниясы 2026 жылғы 13 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды.

«Face-to-face» форматында, яғни бетпе-бет сұхбат түрінде өткен сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 тұрғын қатысты.

Қоғамдық көңіл-күйдің негізгі индикаторларының бірі – азаматтардың еліміздің даму бағытына берген жалпы бағасы. Бұл көрсеткіш халықтың мемлекеттік саясатты қабылдау деңгейін көрсетеді.

Зерттеу нәтижелері халық мемлекеттің саяси бағытын жоғары деңгейде қолдайтынын айқындады. Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 87,8%-ы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп көрсеткен. Азаматтық белсенділіктің маңызды индикаторы – халықтың сайлауда дауыс беруге деген ынтасы.

Сауалнама жүргізілген кезде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы өтетін күн әлі жарияланған жоқ еді. Сондықтан респонденттерге: «Егер алдағы жексенбіде Құрылтай (Парламент) сайлауы өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұрақ қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.