Қазгидромет Қазақстанның он қаласындағы тұрғындарға ескерту жасады

Қазгидромет Қазақстанның он қаласындағы тұрғындарға ескерту жасады, — деп хабарлайды asaaqparat.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.

22 қаңтарда Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Қарағанды, Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.