ҚОҚЫСТАРДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ЖАҒУ КЕЗІНДЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ

Өрттің алдын алу және насихаттау, көктемнің шығу кезеңінде елді мекендердің аумақтарында құрғақ шөптер мен қамыстар және қоқыстардың жану жағдайлары айтарлықтай көбейді. Ішінара осындай жағдайлар қоқыстарды жинау және жағу кезінде талаптарды бұзу салдарынан туындайды. «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» Техникалық регламент талаптарына сәйкес қоқыстарды жағу бастапқы өрт сөндіру (өртсөндіргіштер, су) құралдары бар болуы кезінде кез-келген ғимараттардан, құрылымдардан және сақталатын материалдардан 50 метрден кем емес қашықтықта желсіз ауа-райында, ашық аумақта ғана рұқсат етіледі. Қоқыс жағылатын алаң құрғақ шөптерден және жапырақтардан тазартылуы тиіс. Қоқысты жағу күндізгі уақытта үнемі бақылауда жасалуы керек. Қоқысты жаққаннан кейінгі от сумен жақсылап құйылуы тиіс. Сөндірілмеген отты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау және жағу кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқықбұзушылықтары туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Кодексінің 336 бабына сәйкес азаматтар мен лауазымдық тұлғалар қатынасында жеке тұлғаларға жиырма мөлшерде, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдар субъектілеріне – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілерге – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілерге – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Көптеген азаматтар үшін аула алдында жиналған қоқысты үйіндіге апарғаннан гөрі, жаққан оңай. Бірақ, қоқысты жағу кезіндегі абайсыздық және немқұрайлылық өртке және түзелмейтін зиян алып келуі мүмкін.

Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау – Сіздің үйіңіз бен  мүлкіңізді оттан қорғайды!

Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телафон  арқылы  

Жамбыл ауданы Аса ауылы 2-22-97 .   101 немесе 112-ге  хабарласыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.