Қордай ауданында заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жұмыстары аясында қайтарылған қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан су құбыры құрылысы жалғасуда
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Жоба барысымен танысу мақсатында Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдиев құрылыс алаңына барып, жұмыстардың қарқынын тексерді. Сонымен қатар жауапты мамандардың атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөніндегі ақпаратын тыңдады.
Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары 65 пайызға орындалған. Жоба аясында ішкі су құбыры желілерін тарту жұмыстары аяқталып, әрқайсысының сыйымдылығы 500 текше метр болатын екі таза су резервуары салынды. Су алу аумағы толық қоршалып, нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы күзет ұйымдастырылған.
Жобаның жалпы құны 2,4 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде бөлінген қаражаттың 75 пайызы игерілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуде.