Қыдыралыұлы 113 жастағы кейуананы құттықтап барды

Жамбыл ауданында ғасыр жасаған бес кейуана бар. Соның бірі – Күлбарам Сүгірова. Тіл-көзіміз тасқа, бүгінде 112 жасқа иек артса да, Күлбарам әжей ширақ. Қырғыз елінде туып-өскен ол Аса ауылына тұрмысқа шығып, осында ұрпақ өрбітті. Ауданның өркендеуіне еңбегімен үлес қосты.

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Күлбәрәм әжені арнайы құттықтап барды. Әжейге гүл ұсынып, сый-сияпатын табыс етті.

— Біз сізді жақсы білеміз. Сол еңбектің арқасында осынша жасқа келдіңіз. Ұл-қыздарыңыздан немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған бақытты әжесіз. Төл мерекеңізбен құттықтау үшін арнайы келдім. Отбасыңыз аман, денсаулығыңыз мықты болсын», – деген аудан басшысы әжеймен емен-жарқын әңгімелесті.

Жастайынан қызылша алқабында жұмыс істеген қария бейнеттің бел ортасында жүрді. «Дарақ бір жерден көгереді» дегендей, осы салада ұзақ жылдар бойы тер төгіп, құрметті зейнетке шықты. Ақ жаулықты ана ел игілігіне бағытталған еңбекпен қатар отбасы құндылықтарына да көңіл бөлуді ұмытпады. Құдай қосқан қосағы екеуі екі қыз тәрбиелесе олардың қатары бүгінде 8 немере мен 15 шөбереге жетіп отыр.

Қуанышқа бөленген Күлбәрәм әжей арнайы басшыларға аналық алғысын айтып, ақ батасын берді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.