Қыдыралыұлы: Ауданның тумасы ретінде берген уәделерімді орындауға күш саламын»

Жуырда ғана тағайындалған Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өзінің Facebook-тағы парақшасында аудан азаматтарына есептік кездесулері өтетіні туралы хабарлады. Сондай-ақ есептік кездесулердің кестесін парақшасында жариялады.

«Аудан тұрғындары! Ертеңнен бастап, ауыл тұрғындары алдында есептік кездесулеріміз басталады. Өңір жұртшылығына кездесулер төмендегі кестеде көрсетілген мекенжайларда өтетінін жеткізім келеді.
Сақтық талаптары мен бетперде режимін сақтап, қатысуларыңызды сұраймын.
Өздеріңіздің алдарыңызда берген уәделерімді орындауға, сенім үдесінен шығуға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ауданның тумасы ретінде барлық күш-жігерімді салатын боламын! Рахмет», делінген өңір басшысының жазбасында

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.