Қыздарының келешегі үшін екпе ектіртті

Ұл-қыздың ертеңіне ең алдымен ата-ана жауапты. Ал бүгінгідей індет жайлаған заманда жауапкершіліктің жүгі ауырлай түскені белгілі. Алғашында коронавирус індетіне екпе егу жұмыстары жүргізілсе, енді дерт жасөспірімдерге әсер етуде.

Өңірге жасөспірімдерге, бала емізетін аналарға, жүкті әйелдерге салынатын «Пфайзер» екпесі жеткізіліп, бүгінде тұрғындар екпе қабылдауда.

Жуырда Тоғызтарау ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шайдаев Төле би орта мектебінде оқитын Айбике, Жәния есімді қыздарына екпе салдыртты.

Вакцина қабылдау сәтіне өзі куә болып, дәрігерлердің кеңесін алды.

Округ әкімі екпе қабылдау бала келешегінің қауіпсіздігі үшін екенін атап өтті

Leave A Reply

Your email address will not be published.