Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Қызылша ауа-тамшы жолымен таралады (жөтелгенде, түшкіргенде). Науқаспен бір бөлмеде ұзақ уақыт болған жағдайда, вакцина алмаған адамның жұқтыру қаупі 90 пайызға дейін жетеді.
Аурудың негізгі белгілері:
- Дене қызуының 38–40°C-қа дейін көтерілуі;
- Жөтел, тамақтың ауыруы, көздің қызарып, жас ағуы;
- 3–4 күннен кейін бөртпенің бүкіл денеге таралуы;
- Әлсіздік, тәбеттің төмендеуі.
Алдын алу жолдары:
- Уақытылы вакцинациялау — қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы;
- Балаларға екпе 12 айлық кезінде және 6 жасында егіледі;
- Ересектер екпе алмаған немесе екпе мәртебесі белгісіз болған жағдайда қайта вакцинациядан өте алады;
- Жеке гигиена талаптарын сақтау, бөлмені жиі желдету;
- Ауру адаммен қарым-қатынасты шектеу, белгілері бар адамдарды оқшаулау.
Ата-аналарға үндеу:
Балаларды уақытында вакцинациялау — олардың денсаулығын қорғаудың ең басты кепілі.
Ересектерге кеңес:
Өздеріңіздің екпе мәртебелеріңізді тексеріп, қажет болған жағдайда қайта вакцинациядан өтіңіздер.
Жамбыл облысы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы
Ғ. Әбділда