Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бүгінгі таңда қоғам денсаулығын сақтау мәселесі бұрынғыдан да маңызды. Жұқпалыаурулардың алдын алу, тағам қауіпсіздігін бақылау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – мұның бәрісанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылыққатікелей байланысты. Ал осы саланың тиімді жұмысістеуі арнайы нормативтік құқықтық актілерарқылы реттеледі.
Денсаулықты қорғайтын заңдар Қазақстанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялыққауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгіқұжаттардың бірі – «Халық денсаулығы жәнеденсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс. Бұлқұжат санитариялық талаптарды, мемлекеттікбақылау жүйесін және азаматтардың денсаулығынқорғауға бағытталған шараларды анықтайды.
Сонымен қатар санитариялық талаптардынақтылайтын бірқатар нормативтік құжаттар бар. Олардың қатарында:
•санитариялық қағидалар;
• гигиеналық нормативтер;
• техникалық регламенттер;
• мемлекеттік стандарттар;
• санитариялық-эпидемиологиялық бақылауережелері.
Бұл талаптар өндіріс орындарында, мектептермен балабақшаларда, қоғамдық тамақтанунысандарында және медициналық мекемелердеміндетті түрде сақталуы тиіс.
Қадағалау–қауіпсіздіктің кепілі. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары халықтыңденсаулығын қорғауда маңызды рөл атқарады. Мамандар түрлі нысандарда тексеру жүргізіп, санитариялық талаптардың сақталуынқадағалайды. Мұндай бақылаудың негізгі мақсаты:
• жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;
• азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасызету;
• қоршаған ортаның санитариялық жағдайынбақылау;
• еңбек жағдайының гигиеналық талаптарғасәйкестігін тексеру.
Сарапшылардың айтуынша, санитариялықнормаларды сақтау – тек мемлекеттік органдардыңғана емес, әрбір азамат пен кәсіпкердің ортақжауапкершілігі.
Қоғам денсаулығы – ортақ міндет. Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықсаласындағы нормативтік құқықтық актілер – қоғам қауіпсіздігінің маңызды тірегі. Заңталаптарын орындау арқылы ғана біз жұқпалыаурулардың алдын алып, қоршаған ортаныңтазалығын сақтай аламыз.
Денсаулық – ең үлкен байлық. Ал оны қорғау – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті.
Басқарма басшысы: Ғ.Ә. Әбділда