Шу ауданындағы Оң жағалау магистральдық каналы толық жаңғыртылып, пайдалануға берілді

Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Жамбыл облысы Шу ауданындағы Оң жағалау магистральдық каналының суару және дренаж жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтады. Қазіргі таңда нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында гидромелиорациялық инфрақұрылым кешенді түрде жаңғыртылды. Атап айтқанда, 69 шақырым суару каналы қайта жаңартылып, 241 гидротехникалық нысан қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Сонымен қатар 17,5 шақырым коллекторлық-дренаж желісі реконструкцияланды. Бұл суармалы алқаптарды сумен қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.