2026 жылғы 8 қыркүйек күні Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының орталығы – Аса ауылы арасында жаңа №67 қоғамдық көлік бағыты іске қосылды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Жаңа бағыт бойынша 14 қоғамдық көлік жолаушыларға қызмет көрсетеді. Автобустар Аса ауылынан бастап Тараз қаласындағы Сүлейменов, Жамбыл, Төле би, Желтоқсан, А. Пушкин, А. Асқаров, Абай, Сыпатай батыр және Мәмбет батыр көшелері арқылы қатынайды. Қоғамдық көліктің жүру аралығы – 13-15 минут.
Бағыттың сызбасы Жамбыл ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, тұрғындарға қажетті оқу орындарына, медициналық ұйымдар мен сауда орындарына баруды барынша ыңғайлы ету мақсатында әзірленген.
Жол ақысы қаладағы қолданыстағы тарифпен белгіленді. Яғни, жолаушылар үшін – 100 теңге, ал 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана», «Ана даңқы» ордендерінің I және II дәрежелерімен наградталған көпбалалы аналар және I топтағы мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық көлікте тегін жүреді.