Тараз қаласындағы №54 орта мектепте өткен салтанатты іс-шараға қатысып, ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Білім күніне орай Тараз қаласындағы №54 орта мектепте өткен салтанатты іс-шараға қатысып, ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Білім – мемлекеттің дамуын айқындайтын басты күш. Сондықтан әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – баршаға ортақ міндет. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны ерекше. Олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ұстаз еңбегінің маңыздылығына тоқталып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Тамыз конференциясында айтқан «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» деген сөзін атап өтті. Оның айтуынша, мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыру, абыройын көтеру және алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасау – білім саласындағы басты басымдықтардың бірі.

– Білімді, еңбекқор, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – ортақ мақсатымыз. Бұл жолда мектеп пен ата-ананың өзара сенімі мен тығыз ынтымақтастығы айрықша маңызды. Баланың білімі мен тәрбиесіне екі тарап та бірдей жауапты, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысында білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биыл өңірде 14 білім беру нысанында, оның ішінде 5 мектеп пен 9 жапсарлас құрылыста жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 3 мектеп пен 5 жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде апатты және тозығы жеткен мектептерге қатысты бірқатар мәселе шешіліп, білім беру ұйымдарының бірі жаңа спорт залымен қамтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.