«Таза Қазақстан»

Қазақстанда қоғамдық орынды ластау және қоқысты белгіленбеген жерге тастау үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Егер адам демалып отырған жерінен қоқысын жинамай кетсе немесе көшеге, саябаққа, жағажайға, жол жиегіне қоқыс тастап кетсе, оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы («Ортақ пайдалану орындарын ластау») қолданылуы мүмкін. 

Сонымен қатар, егер қоқыс белгіленбеген жерге төгіліп, абаттандыру қағидалары бұзылса, ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша да жауапкершілік көзделген.

  • Алғаш рет қоқыс тастағаны немесе қоғамдық орынды ластағаны үшін – 10 АЕК, яғни 43 250 теңге айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін. 
  • Бір жыл ішінде қайтадан қайталанса – 20 АЕК, яғни 86 500 теңге айыппұл немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар тағайындалуы мүмкін. 
Leave A Reply

Your email address will not be published.