Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Төрт айға созылған доп додасында айналма жүйе бойынша өзара бақ сынасқан қатысушы 17 команда бір-бірімен тартысты да қызықты кездесулер өткізді.
Үздік құрамалар ұпай саны арқылы анықталды.
Бірер күн бұрын аяқталған жарыстың жеңімпазы мен жүлдегерлері белгілі болды.
Нақтырақ айтқанда, аудандық лига турнирінде «Бұқаралық спорт» командасы бірінші орынды, «КГИ» командасы екінші орынды, «№12 БЖСМ» командасы үшінші орынды иеленді. «Аудан аппараты» командасының ойыншысы Жомарт Телеуов үздік қақпашы, «АГПЗ» командасының ойыншысы Руслан Шәмшиев үздік қорғаушы, «Жамбыл» командасының ойыншысы Әсет Қуанышбеков үздік шабуылшы, «Бұқаралық спорт» командасының ойыншысы Әліби Әбдірәсіл үздік ойыншы атанды. Аса ауылдық округі, Еңбек орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейі, «Жастар ресурстық орталығы» құрамалары жеңіске деген жігерлігімен танылды.
Лига үздіктерін салтанатты жағдайда марапаттау рәсіміне келіп қатысқан аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық футбол федерациясының төрағасы Жомарт Телеуов жеңізпаздар мен жүлдегерлерге тиесілі дипломды, медальдарды, арнайы кубокты және қаржылай сертификаттарды табыс етті.