Тұрғынның сауалын Қожамжарова назарға алды

 

 

Бүгін «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы Ержан Жылқыбаев «Солнечный» кентінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар арасында Р.Остапенко «Солнечный» кентінде орналасқан №34 орта мектебіне жөндеу жұмыстары қолға алынса деген тілегін білдірді.

 

Тұрғынның сауалы бойынша сөз алған Жамбыл облысы білім басқармасы Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова аталған білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынғанын, бөлім тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаражат қарастыру туралы облыстық білім басқармасына бюджеттік өтінім берілгенін тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.