Ұлттық мерекеде ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Республика күні Жамбыл ауданында өнімдердің жәрмеңкесі өтті

Республика күні аудан
орталығындағы алаңда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір шаруалары өз өнімдерін арзан бағада саудалады.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы сөрелерге қойылған өнімдерді аралады.
Аудан әкімдігі ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Лаурат Амановтың айтуынша, жәрмеңкеде жылқы еті 100 келі, жұмыртқа 6000 дана, сиыр еті 160 келі, балық 100 келі, сүт,айран 70 литр, сүт өнімдері 210 келі, шұжық 500 келі, бал 400 келі, пияз 2,5 тонна, сәбіз 500 келі, картоп 500 келі, қырыққабат 70 келі, қиыр 230 келі, қызанақ 300 келі, сарымсақ 100 келі, жеміс-жидек 2,350 келі, асқабақ 1,1 тонна аудан тұрғындарына ұсынылды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.