ҰОС-ның соңғы ардагерін Алғыс айту күнімен құттықтады

1 наруыз — Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Жамбыл ауданындағы Ұлы Отан соғысының соңғы ардагері Қасен Шанбаевтың шаңырағына арнайы барып, тағылымдық мәні бар мерекемен құттықтады.

Ғасырға аяқ басқан Қасен Шанбаев — жеңіс сағатын соқтыруға үлес қосқан ардагер.

– Еліміздің жадынан халық үшін жанын берген қаһармандар ешқашан ұмытылмайды. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан өзіңізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Бүгінде еліміздің жарқын күнге ұмтылуы, жастардың болашаққа деген ынта-жігері мына өздеріңіздің арқаларыңызда, — деді Ерлан Қыдыралыұлы.

Өз кезегінде ұрыс даласының қаһарманы ақ батасын беріп, елдің тыныштығын тіледі

Сондай-ақ аудандық орталық аурухананың дәрігерлері ардагердің денсаулығын тексерсе, аудан жастары қарияға құрмет көрсетті.

.

Бүгінде Қасен атадан тараған 3 ұл, 3 қыздың қатары 16 немереге, 41 шөбереге, 5 шөпшекке жетіп отыр.

Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, ауыл әкімі Дәрмен Дәулет, аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жандар Тоқсаба қатысып отырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.