ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында өңірдергі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысын ашып жүргізген аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы өндірістің дамуымен бірге өндірістегі еңбек қатынастарын реттеу шаралары өзекті мәселелердің бірі екенін, еңбек қатынастары еңбек ұжымдарындағы тұрақтылық, жұмыс орындарын сақтау, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек дауларын реттеу қажеттігі күн тәртібіндегі мәселе екенін тілге тиек етті.

Комиссия отырысында күн тәртібіндегі бейресми жұмыспен қамтылған тұлғаларлың еңбек қатынастарын заңдастыру, көлеңкелі экономикадан шығару арқылы халықтың әлеуметтік тұрғыда қорғалуын ұйымдастыру бағытында атқарылған жұмыстар, әлеуметтік еңбек саласын цифрландыру бойынша министрлікпен берілетін жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар, кәсіпорындарда еңбек даулары туындаған кәсіпорындарды анықтау, қызметкерлердің еңбек ақыларын көтеру бойынша аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жомарт Телеуов пен аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев баяндама жасады.

Комиссия отырысында аудан әкімімен кәсіпорын басшылары: «Фортис констракшн», «Достар Продукт», «БМ Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері арасында өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.