Ұсыныс-пікірлер ескерілді

Қоғамдық қабылдаулар халық пен билікті байланыстыратын алтын көпір іспеттес. Осыған орай, ауданда уақыт тынысына сай халық аманатын арқалаған басшылар ел-жұрттың ұсыныс-пікірімен санасу мақсатында қоғамдық қабылдаулар өткізуді дәстүрге айналдырған.

Жуырда аудандық ардагерлер үйінде ауданаралық әділет басқармасының басшысы Назира Құлманова тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдап, заң тұрғысында жауап берді.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың өтінішін мұқият тыңдаған Назира Тілеубердіқызы көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын, алдағы уақытта оның оң шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді.

Жәнібек АСАНОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.