Жамбыл облысы: Республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңінің 54 жеңімпазы үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық әкімдігінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың өңірлік кезеңінің 54 жеңімпазы үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды деп хабарлайды Asaaqparat.kz

Олар алдағы уақытта республикалық пән олимпиадаларында облыс атынан сынға түсетін болады.

Экскурсия барысында оқушылар облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесіп, өздерінің жеңістері мен жетістіктері туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ, олар болашақ жоспарларымен бөлісіп, мамандық таңдауға қатысты аймақ басшысының пікірін тыңдады.

Айта кетейік, қазіргі таңда республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптардың 330 оқушысы жүлдегер атанды. Ал, олардың 64-і республикалық кезеңге жолдама алып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.