Жамбыл облысында халықты табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде өңірдегі 357 елді мекеннің 284-і, яғни 1,116 млн тұрғын табиғи газ игілігін пайдаланып отыр. Бұл облыс халқының 91,8 пайызына тең
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Газдандыру деңгейін арттыру мақсатында өткен жылы 19,1 млрд теңгеге 14 жоба жүзеге асырылып, 10 елді мекендегі 5 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді. Нәтижесінде Жамбыл және Жуалы аудандары толық газдандырылып, Талас ауданындағы көрсеткіш 94,1 пайызға жетті.
Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып отыр. Республикалық бюджеттен Мойынқұм ауданындағы үш елді мекенге жеткізуші газ құбырын салу жобасын аяқтауға 4,5 млрд теңге бөлінді. Жалпы құны 18,5 млрд теңгені құрайтын жоба аясында 70 шақырым газ құбыры тартылды.
Сонымен қатар, Сарысу және Шу аудандарындағы елді мекендерді газбен қамтуға бағытталған жобалар жүзеге асуда. «Еврохим» автоматты газ тарату станциясының құрылысы аяқталу сатысында.