Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды

 

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барды

Іссапар Биназар және Мойынқұм ауылдарындағы ауыз су нысандары мен су құбырларын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысудан басталды.

Қазіргі таңда осындай жобалар Бірлік, Шығанақ, Құмөзек ауылдары мен Мыңарал станциясында да жүргізілуде. Ауызсу инфрақұрылымын жаңғыртуға жалпы 8,5 млрд теңге бөлінген.

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарын тұрғындарға қолайсыздық келтірмей, сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев Мойынқұм ауылындағы күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімінде болды. Бұл бөлімше 28 мыңға жуық аудан тұрғынының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1987 жылы салынған ғимарат араға шамамен 40 жыл салып алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде ғимарат пен қызметтік үй-жайлар толық жаңартылып, инженерлік желілер мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.