Жамбылдық жігерлі жастардың жұмысы жүйелі

Мемлекеттік жастар саясаты – қоғамның стратегиялық ресурстарының дамуының маңызды бағыттарының бірі. Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Бүгінгі күні жастар өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге ие. Осы үшін кәсіби мансап пен тұлғалық өсу қалыптастыруда тең мүмкіндіктер құрылуда. Саясатының негiзгi мiндеттерi — жастардың мүдделерiн, құқықтарын қорғау.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 19958 жас бар. Бұл аудан халқының 23,4 пайызын құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылғын жұмыстарға тоқталсам, 11375 жастың қатысуымен бүгінгі күнге дейін 772 іс-шара ұйымдастырылды. Басты мақсат – жастардың әл-ауқатын көтеру, шығармашылығын шыңдау, оларды патриоттыққа баулу. Мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға қайырымдылық жасалды. 4 Мұндай шаралар әлі де жалғасын таба бермек. 11 айда барлығы 128 мәдени шара, 150 спорттық сайыс, 82 кеңес беру акциясы өткізіліп, 4400 жасқа кеңес берілді. Жастар арасында ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша 48-ден астам қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылып, ашық есік күні акциясы аясында заңгерлік тұрғыдан 300 жасқа кеңес берілді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз», – деп қадап айтқан болатын. Шыны сол, аудан жастарының белсенділігі көңіл қуантарлық. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен жұмыспен қамту орталығының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде 673 жас бос жұмыс орнына, 162-сі жастар практикасына, 17-сі әлеуметтік жұмыс орнына және 288-і ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданды. 21 жас маманға көтерме жәрдемақы берілді. Оның ішінде медицина – 4, білім – 10, мемлекеттік қызметкер – 2, мәдениет – 2, спорт – 1, агроөнеркәсіп саласы – 2 маман.
Орталықтың бүгінге дейін атқарған шараларына қанықпыз. Ауыз толтырып айтарлықтай басқосу мен жиынның куәсі де болдық. Дегенмен аталған мекеменің жұмысы мұнымен шектелмейді. Өйткені NEET санатындағы жастармен жұмыс та назардан тыс қалмауы керек. Қолға тиген мәліметтерді сөйлетсек, аудан бойынша NEET санатындағы жастардың базалық дерекқорын әзірлеу барысында орталық мамандары ағымдағы жылдың қаңтар айында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, жалпы саны 1462 жасты анықтаған. Аталған санаттағы жастарға психологиялық, ақпараттық, консультативтік көмек көрсетіліп, ауқымды іс-шаралар өткізілген. Жастар арасында жұмыссыздықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.