Бүгін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңартылған Ата заң адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, құқық үстемдігін және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайтуды көздейді.
Жаңа Конституцияның маңызды жаңалықтарының бірі – 18-баптағы кепілдіктердің күшеюі. Енді ұсталған әрбір адамға оның ұсталу себептері мен құқықтары міндетті түрде түсіндіріледі. Атап айтқанда, үндемеуге құқығы, қорғаушының көмегіне жүгіну және жақын туыстарына хабарлау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әділ сот төрелігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған.