Жаңа міндет- айқын мақсат!

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Назгүл Серікқалиқызы Хатепова Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Назгүл Серікқалиқызы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ол Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, бизнес және басқару магистрі дәрежесін иеленген.

Еңбек жолын 2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінде бастап, 2021 жылға дейін менеджер, сарапшы және бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2021–2022 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы өнімдерін сертификаттау басқармасының басшысы болды.

2022–2025 жылдары министрліктің аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры қызметін атқарды.

2025 жылдың қаңтар айынан бастап осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінің директоры болды.

Назгүл Серікқалиқызының агроөнеркәсіптік кешен саласындағы көпжылдық тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалардың тиімді жүзеге асуына ықпал етеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.