Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Заң мен тәртіп: Жаңа Конституция – құқықтық мәдениет пен қоғамдық тәртіптің негізі» тақырыбында құқық саласы мамандары және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен танымдық кездесу-семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Конституциясының қоғамдағы рөлі мен маңызын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң үстемдігін дәріптеу және жастар арасында заңға құрмет пен қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін нығайту болды.
Семинар барысында құқық қорғау саласының мамандары, Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша мазмұнды ақпараттарымен бөлісті.
Сонымен қатар «Жаңа Қазақстан – жаңа заң» тақырыбындағы бейнеролик көрсетіліп, қатысушылармен еркін пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу соңында құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заң талаптарын құрметтеу қағидатын нығайтуға және қоғамда заң мен тәртіп құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталды.
«Заңды білу – әр азаматтың міндеті, заңды сақтау – ортақ жауапкершілік!»