Жаңа талаптардың бірі

Ішкі істер министрлігі биыл 25 тамыздан бастап «Жол жүрісі туралы» заңға енгізілетін өзгерістер күшіне енетінін хабарлады. Осыған байланысты министрлік өкілдері өзгерістерді түсіндірді.

«Ең алдымен, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өту қажеттігін екенін еске саламыз. Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде алмасады. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы расталмаса, көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілерге ғана қатысты екенін ерекше атап өтеміз», делінген ақпаратта.

Ақпарат ашық дереккөзден алынды:

https://egemen.kz/

Leave A Reply

Your email address will not be published.