Жаңа жылды 7 көше жарықпен қарсы алады

«Жарықтың қадірін түнек басқанда білерсің», демекші Бесағаш пен Түрксіб ауылындағы 7 көшенің тұрғындары жарыққа жарымай келе жатқанына біршама уақыт өтті.

Үйдегі балалардың сабағы, қонақ күту бұл көшенің тұрғындары үшін мұң болып келе жатқалы қашан.
Бірақ сол қараңғылық 2021 жылдың соңғы күні жүйелі шешімін тапқаны қуантады.
Ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев Барыс жылына 7 көшені сол қараңғы күйінде жібергісі келмей керекті құжаттарын реттеуге күш салып, Жамбыл электр желісі, Тараз қалалық электр желісі мекемесінің табалдырығын тоздырды.
Тұрғындардың өтініші екенін басшыларға жеткізген Бейбіт Сұңғатұлы бүгін 7 көшенің электр бағаналары мен желісін іске қосып, жұмысты соңына жеткізді.
Ендігі кезекте тұрғындар ауладан үй іргесіне электр жарығын тартып, қолдана алады. Қазірдің өзінде бірнеше тұрғын жарықтың жақсылығын көріп отыр.

Ауыл азаматтары бұл іске үлес қосқан Жамбыл электр желісінің басшысы А.Жарбуловқа, Тараз қалалық электр желісінің бастығы Ж.Буралқиевқа алғысын білдірді.

Осылайша, 7 көшенің тұрғындары Жаңа жылға жарықпен аяқ басты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.