2026-2027 оқу жылында 840 бірінші курс студенті жоғары оқу орындарында су саласына қатысты мамандықтар бойынша білім ала бастады. Осылайша, Қазақстан университеттерінде су шаруашылығы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттердің жалпы саны 3 мыңнан асты
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Қазіргі уақытта орта арнаулы оқу орындарында 800-ден астам адам оқиды. Олардың жүзден астамы жаңа оқу жылы басталар алдында оқуға түсті.
Еске сала кетейік, Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын оқу орындарының саны артты. Мысалы, 2023 жылы республикада болашақ су шаруашылығы мамандарын даярлайтын 9 жоғары оқу орны мен 6 колледж болса, бүгінде су шаруашылығы саласының мамандарын 13 университет пен 10 орта арнаулы оқу орны даярлайды.
Сондай-ақ су саласының мамандықтары бойынша оқуға түсетін талапкерлерге арналған білім беру гранттарының саны да артты. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылындағы 262 гранттан 2024-2025 оқу жылында 390 грантқа дейін, ал өткен оқу жылында 1000 грантқа дейін көбейді.