- 30 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы абаттандыру жұмыстарының барысын және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап, Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысты.
Алдымен аймақ басшысы Абай даңғылы бойындағы Дінмұхамед Қонаев көшесінен Ыбырайым Сүлейменов көшесіне дейінгі аралықты абаттандыру және қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.
Жобаны «ExpeditGroup» ЖШС жүзеге асыруда. Мұнда жұмыстар кешенді түрде жүргізілуде. Жер асты ирригациялық жүйелері толық жаңартылып, электр желілері мен жарық бағаналары ауыстырылуда. Сонымен қатар ұзақ мерзімге жарайтын сапалы өрнектас төселіп, аумақ толық абаттандырылуда. Жоба аясында 150 түп ағаш отырғызылып, 5 220 шаршы метр аумақ көгалдандырылады.