«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын берік ұстанған Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев пен «Казфосфат» ЖШС-нiң өкілдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай округке қарасты ауыл тұрғындарына 1000-ға жуық ағаш үлестіріп, олармен бірге тал егіп, игі іс жасады. Тал егу жұмыстарына жергілікті тұрғындар белсенділік танытты. Көше көркін кіргізетін ағаштар Танты ауылындағы Танта көшесіне, Шайқорық ауылындағы Ынтымақ, Теректі көшелеріне отырғызылуда. Ауыл әкімі Бақыт Жұмаділұлы тұрғындардың ауласына егілген ағаштардың күтіп-баптауына салғырт қарамау керектігін өтініп, сенімділік білдірді.
Prev Post
Next Post