Қарт оқырман жастармен ой бөлісті

Жуырда Бектөбе ауылының кітапханашысы Гүлбағира Сүлейменова кітапханаға оқырмандар тарту, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау мақсатында ауыл жастарының қатысуымен «Тағдырыма әсер еткен кітап» атты іс-шара ұйымдастырды.

Оған ауыл ақсақалы, кітапхананың тұрақты оқырманы Тілеубек Нұркенов арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Оқырман өз кезегінде жастармен тақырып төңірегінде ой бөлісті. «Кітап – адам баласының рухани азығы. Адам кітап оқу арқылы жетіледі, ой-өрісі кеңейеді, сөз саптау шеберлігі шыңдалады. Әрбір кітаптың өзіне тән ерекшелігі мен маз­мұны болады. Халық жазу­шы­ларының шығармашылығы қайталанбас туынды. Өзіме қатты әсер еткен кітап – ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. Кітаптың тәрбиелік мәні зор. Оқуға кеңес беремін», – деді ол өз сөзінде.
Жастар да қазақ әдебиеті әлемінен алыс емес екенін аңғартты. Олар қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, Тілеубек атаның алғысын алды. Қария оларға ақ батасын берді.

Балнұр Қажығалиева,
Қаратөбе ауылдық округінің аула клуб жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.