Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласында жалпықалалық сенбілік өтті.

Қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен игі шараға жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме-кәсіпорын ұжымдары, еріктілер және қала тұрғындары белсене қатысты.

Сенбілік аясында «Талас» шағынауданында және шаһардың өзге де белгіленген аумақтарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдарының бойын, қоғамдық орындарды, саябақтар мен жасыл аймақтарды тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаны ретке келтірді.

Жалпы сенбілікке 250-ге жуық адам жұмылдырылып, нәтижесінде 28 текше метр қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, аумақтарды абаттандыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 18 қураған ағашқа санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді.

Мұндай экологиялық шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуда. Тараз қаласында тазалық пен абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

#Таза қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.