Тарихты білу – бір басқа, оған үнемі қайғыру – бір басқа

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір қарағанда бір-біріне мүлде ұқсамайтын бірнеше маңызды ой айтты.

Алдымен ол амандасу мәдениеті туралы сөз қозғады. Ер адамдардың кездескенде құшақтасып, сүйісіп амандасу әдетіне, әсіресе әскери киімдегі адамдар арасында мұндай әрекеттің оғаш көрінетініне тоқталды. Президент дәстүрлі қазақы қол алысып амандасу әдебіне қайта оралып, жалпы қоғамдағы мінез-құлық мәдениеті туралы ойлануды ұсынды.

Одан кейін әлдеқайда терең мәселе көтерілді. Қазақ халқына, соның ішінде жазушылар мен мәдениет өкілдеріне, мұңға – яғни қайғы-қасіретке, өкінішке, тарихи тығырыққа түскендей көңіл күйге шектен тыс бойлай беруді доғаратын кез келді. Енді болашаққа үмітпен қарап, алға ұмтылуды үйренуіміз керек деген ой айтылды. Меніңше, бұл екі мәселенің өзара байланысы бар. Қысқаша айтқанда, әңгіме қазіргі қазақстандықтың қандай болуы керектігі туралы.

Дәстүрді құрметтеу – оны музейдегі жәдігер ретінде ғана сақтау деген сөз емес. Ол – күнделікті өмірдегі мәдениет, үлкенге қалай сәлем беру керектігін, адаммен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін, қоғамда өзін қалай ұстау керектігін білу.

Қазақ дәстүрінде амандасу ешқашан жай ғана рәсім болмаған. Оның бойында адамның қадір-қасиетімен қатар, әдеп, яғни тәрбиелілік, сыпайылық пен ізеттілік ұғымдары да жатыр. Сондықтан Президенттің дәстүрлі нормаларға қайта оралу туралы ұсынысын орынды деп қабылдаймын. Тіпті толық қолдаймын.

Бигельды Габдуллин

Leave A Reply

Your email address will not be published.