Жамбыл облысының аумағында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары

Жамбыл облысының аумағында «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметінің мамандары Қазақстан Республикасының бұлақтарының бірыңғай деректер базасын жасау аясында бұлақтарды зерттеу және түгендеу бойынша далалық жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Зерттеу барысында бұлақтардың санитарлық және техникалық жай-күйіне баға беріліп, нақты координаттары анықталады, гидрогеологиялық бақылаулар жүргізіліп, зертханалық талдау үшін су сынамалары алынады. Жиналған мәліметтер табиғи су көздері туралы ақпаратты өзектендіруге және оларды одан әрі есепке алу мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстар табиғи су нысандарын сақтауға, гидрогеологиялық ақпараттың сапасын арттыруға және еліміздің су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.