«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді. Алматы ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған іс-шара Махтұмқұлы көшесі бойында өткізіліп, оған белсенді жастар мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Тазалық барысында қатысушылар көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастаманың басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәріптеу.
«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Астана жастары» ұйымы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, сенбілік өткізіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – елордамыздың тазалығын сақтауға үлес қосу және тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Қаланың тазалығы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы арқылы астаналықтарды қаланы таза ұстауға үндегіміз келеді. Сонымен қатар, еріктілердің белсенділігін арттыру үшін тазалық жұмысын түрлі ойынмен және танымдық әдістермен ұштастырып, сенбілікті ерекше форматта ұйымдастырдық», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының Жастармен тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.