Жуалы ауданында су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жалпы құны 1,05 млрд теңгеден асатын жобалар іске асырылуда
Жоспарға сәйкес ұзындығы 30 шақырымды құрайтын 5 канал қайта жаңғыртудан өтеді. Жобалар толық аяқталғаннан кейін аудан бойынша қосымша 1877 гектар суармалы жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі.
Сондай-ақ ауданда су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жалғасуда. Егер өткен жылы мұндай технологиялар 2430 гектар жерге қолданылса, биыл бұл көрсеткішті 3700 гектарға жеткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда 116 гектар алқапқа тамшылатып суару жүйесі орнатылып, қосымша 110 гектар жерге жаңбырлатып суару қондырғыларын енгізу жұмыстары жүргізілуде.