Қазақстан Республикасының Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Стратегия алдағы жылдарға арналған елдің технологиялық дамуының басты құжатына айналады және жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындайды.
Стратегиялық құжат елдің технологиялық ұлт құру жолын белгілеп, нақты жоспар ұсынады және бұдан былай мемлекеттің осы саладағы стратегиялық бағыты мен негізгі жұмыс бағыттарын айқындайтын институционалдық құжаттардың бүкіл циклін қалыптастыруды аяқтайды.
«Digital Qazaqstan» — бұл Қазақстанның дамудың жаңа моделіне іргелі көшуі, мұнда деректер, жасанды интеллект және заманауи технологиялар мемлекеттік басқарудың негізіне айналады және елдің цифрлық экожүйесін жекелеген қызметтерді автоматтандырудан деректерге негізделген кешенді басқаруға көшіреді.