Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды.

9 шілде күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту және жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

– Кітап – ұлттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің, парасат пен мәдениеттің қайнар көзі. Қоғамның дамуы, ең алдымен, азаматтарының білім деңгейі мен кітапқа деген құрметіне байланысты. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, – деді өңір басшысы.

Бүгінде Жамбыл облысындағы 275 мемлекеттік кітапхананың кітап қоры 3 миллион 876 мыңнан асады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.