«Заманауи технологиялар адамдар үшін үдерістерді барынша қарапайым әрі түсінікті етуі тиіс. Сондықтан партия цифрлық сервистерді ішкі жұмысқа да, азаматтармен коммуникацияға да белсенді түрде енгізіп келеді», — деп атап өтті партия өкілдері.
Съездегі тағы бір маңызды оқиға – партияның ресми әнұранының тұсаукесері. Әнұранның негізіне әділдік, заң үстемдігі, тәртіп пен жауапкершілік идеялары арқау болған. Ол алғаш рет кезектен тыс III Съездің делегаттарына орындалып, партияның жаңа символына айналды.
Съезде таныстырылған цифрлық шешімдер партия жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін жетілдіру, азаматтармен байланыс құрудың заманауи арналарын дамыту және цифрлық технологияларды күнделікті қызметке енгізу бағытының маңызды бөлігіне айналды.