Съезд аясында жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген интеллектуалды цифрлық көмекшілер де таныстырылды. Олар партияның бағдарламасы туралы ақпарат ұсынып, мүше ретінде қабылдау тәртібін түсіндіріп, ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап береді және пайдаланушыларға цифрлық сервистерді қолдануға бағыт-бағдар көрсетеді. Пайдаланушылармен өзара байланыс партияның фирмалық цифрлық маскоты мен автоматтандырылған чат-боттар арқылы жүзеге асырылады.
Әзірленіп жатқан цифрлық экожүйенің тағы бір маңызды бөлігі – партия мүшесінің жеке кабинеті. Ол негізгі цифрлық сервистерді бір интерфейске біріктіріп, партиялық ақпаратқа, хабарламаларға, құжаттарға және өзге де байланыс құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Платформа дамыған сайын оның функционалдық мүмкіндіктері де кеңейтіледі.
Сонымен қатар партия құрылымдарының жұмысын үйлестіруге арналған арнайы цифрлық алаң – цифрлық штабты сынақтан өткізуді бастады. Бұл шешім бірлескен жұмысты ұйымдастыруға, тапсырмалардың орындалуын бақылауға және орталық аппарат пен өңірлік филиалдар арасындағы байланыстың тиімділігін арттыруға арналған.
Съезде таныстырылған цифрлық құралдар партияның ұйымдастыру жұмыстарын кезең-кезеңімен цифрландыру бағытын айқын көрсетеді. Алдағы уақытта олардың барлығы азаматтардың партиямен байланысына, ішкі үдерістерді қолдауға және жаңа интеллектуалды сервистерді енгізуге арналған заманауи цифрлық орта ретінде құрылып жатқан «Әділет.365» бірыңғай цифрлық платформасына біріктіріледі.