«Табиғатты сақтау және оның ресурстарына ұқыпты қарау – барлық жеке және заңды тұлғаның борышы мен міндеті.»
Табиғатты қорғау дегеніміз:
- қоршаған ортаны ластамау;
- қоқысты белгіленген орынға тастау;
- орман, өзен-көлдерді таза ұстау;
- жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;
- табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану.
Егер табиғатты ластау, қоқыс шашу немесе қоршаған ортаға зиян келтіру фактілері анықталса, кінәлі тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.