ОТБАСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Э. Көшкінбаева, заңгер маманы Мәди Тәжібаев, психолог маманы Айжан Шалабай, сондай-ақ Жамбыл аудандық полиция бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры М. Жүнісқадырова тұрғындармен «Әр үйге мейірім» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар зорлық-зомбылықтың негізгі белгілері, оның алдын алу жолдары, зардап шеккен азаматтарды қорғау тетіктері және қиын жағдайға тап болған кезде қайда және қалай жүгіну керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның басты мақсаты – зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде қолдау көрсету.
Сонымен қатар тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратылып, полиция, әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек түрлері туралы кеңестер берілді.