Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Білім додасының негізгі мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың білім деңгейін саралау және дарынды жастарды анықтау.
Олимпиаданың алғашқы күнінде оқушылар информатика, физика, химия және география пәндері бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынады. Аталған пәндер бойынша барлығы 127 оқушы қатысып, олимпиадалық тапсырмаларды smart.daryn.kz платформасы арқылы орындады.
Әр пән бойынша қатысушыларға тапсырмаларды орындау үшін 90 минут уақыт берілді. Олимпиада барысында оқушылардың пәндік білімдерімен қатар, логикалық ойлау, ақпаратты талдау, өз бетінше шешім қабылдау және күрделі тапсырмаларды орындау қабілеттері де сараланды.
Олимпиада басталар алдында аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Жалғасқызы қатысушыларға байқаудың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы түсіндіріп, оны өткізу тәртібі мен негізгі талаптарымен таныстырды.
– Олимпиада – білім алушылардың өз білімін сынап қана қоймай, ізденуге, талдауға және жаңа шешімдер табуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін. Өз білімдеріңіз бен қабілеттеріңізді барынша жоғары деңгейде көрсетуге шақырамын, – деді Эльмира Жалғасқызы.
Аудандық кезеңнің өту барысы адалдық пен ашықтық қағидаттарын сақтау мақсатында YouTube платформасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Бұл өз кезегінде олимпиаданың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Алдағы күндері олимпиада басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша жалғасады. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, келесі кезеңдерге жолдама алады.
Жамбыл ауданында мұндай білім додалары оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға, ауыл мектептеріндегі дарынды жастарды қолдауға және олардың республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуына мүмкіндік беріп келеді.