Меркі ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа кәсіптер ашылуда

Меркі ауданында тұрғындардың кәсіп бастауына мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жоба аясында жеңілдетілген несие алған азаматтар түрлі бағытта кәсібін бастап, ауданның экономикалық дамуына өз үлесін қосып келеді

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Бүгінде аудан бойынша бағдарлама аясында жалпы құны 388,8 млн теңгені құрайтын 36 жоба ұсынылған. Оның ішінде 20 жоба қаржыландырылып, кәсіп иелері өз жобаларын іске асыруға кірісті.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев бағдарлама аясында қолдауға ие болған бірқатар кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.

Солардың бірі – Жамбыл ауылының тұрғыны Абылай Нұрманбетов. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 7 млн 35 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жиһаз өндірісіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған.

Қазіргі таңда кәсіпкер өндіріс цехының жұмысын жолға қойып, тұрғындардан тапсырыс қабылдауда. Дайын жиһаз өнімдері ауданның ішкі нарығына ұсынылып, кәсіп біртіндеп кеңейіп келеді.

Жамбыл ауылының тағы бір тұрғыны Нұрдәулет Орақбаев фибробетон өнімдерін өндіруді қолға алған. Ол бағдарлама аясында алған несие қаражатына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ауданда сирек кездесетін өндіріс түрін іске қосқан.

Кәсіпкердің айтуынша, бүгінде фибробетон өнімдеріне сұраныс бар. «Ауыл аманаты» бағдарламасы оған көптен бері ойында жүрген кәсібін бастауға мүмкіндік берген.

Ал Ғалібек Төкеев заманауи технологияларды пайдалана отырып, жаңа кәсіп түрін қолға алған. Ол бағдарлама арқылы 3D-принтер сатып алып, түрлі бұйымдарды тапсырыс бойынша өндіруде.

Қазіргі уақытта кәсіпкер жеке және ұйымдық тапсырыстарды қабылдап, 3D-принтер көмегімен әртүрлі өнімдер дайындайды. Оның айтуынша, аталған қызмет түріне деген қызығушылық пен сұраныс артып келеді.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Сарымолдаев ауылының тұрғыны Ерлан Намазбаевтың кәсібімен танысты. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында агродрон сатып алып, ауыл шаруашылығы алқаптарын дәрілеу және тыңайтқыш себу қызметін іске қосқан.

Бүгінде Ерлан Намазбаев жергілікті шаруаларға қызмет көрсетіп, егістік алқаптарында заманауи технологияларды тиімді пайдалануда. Агродрондарды қолдану шаруалардың уақытын үнемдеп, ауыл шаруашылығы жұмыстарын сапалы әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Жалпы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауылдық жерлердегі қызмет түрлерін көбейтуге мүмкіндік беріп отыр.

Меркі ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар тұрғындардың өз кәсібін ашуына жол ашып қана қоймай, жергілікті экономиканың дамуына және ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға оң ықпал етуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.