Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Жамбыл облыстық қан орталығы ұйымдастырған «Өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, трансфузиологияның өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық қатысумен өткен іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің жетекші мамандары қатысуда.
Конференцияның ашылуында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, қан қызметінің медицинадағы маңызына тоқталды.
Оның айтуынша, трансфузиология саласындағы басты басымдық – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және медициналық көмекті уақытылы көрсету.
– Қан қызметі – ең алдымен пациенттің қауіпсіздігі мен дер кезінде медициналық көмек көрсету. Бүгінде облыстық қан орталығы өңірдегі 26 медициналық ұйымды қан компоненттерімен қамтамасыз етеді. Бірінші жартыжылдықта 9 мыңнан астам трансфузия жасалып, 2 200-ден астам пациентке көмек көрсетілді. Бүгінгі конференция тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа практикалық шешімдер табуға мүмкіндік береді деп сенемін, – деді Сержан Назарбек.
Іс-шара барысында Қан қызметінің ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының референс-зертханасының басшысы Динара Садвакасова және медицина ғылымдарының докторы, профессор, Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталықтың трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының профессоры Сергей Мадзаев баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылар Жамбыл облыстық қан орталығының қызметімен де танысты. Мекеменің жұмысын орталық директоры Гулам Умаров таныстырып, қан компоненттерін дайындау, сақтау және медициналық ұйымдарға жеткізу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан мен Ресейдің трансфузиология саласындағы жетекші мамандары қатысуда. Олардың қатарында «Гемонетикс» МПАК дәрігер-трансфузиологы Наталья Маслова, Санкт-Петербург қаласындағы қан құю бөлімінің меңгерушісі Елизавета Ким, сондай-ақ Астана, Санкт-Петербург және Жамбыл облысынан келген қан қызметінің мамандары, трансфузиологтар, реаниматологтар мен иммуногематологтар бар.
Мамандар басқосу барысында трансфузиология саласындағы заманауи тәсілдер, қан компоненттерін қолдану қауіпсіздігі, иммуногематологиялық зерттеулер және медициналық тәжірибеде жаңа әдістерді енгізу мәселелерін талқылауда.
Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы екі секция бойынша жалғасады. Секция отырыстарында трансфузиология саласының өзекті мәселелері қаралып, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған практикалық шешімдер талқыланады.
Мұндай халықаралық деңгейдегі кәсіби кездесулер медицина мамандары арасында тәжірибе алмасуға, заманауи тәсілдерді зерделеуге және трансфузиология саласындағы озық тәжірибені өңірлік медицинаға енгізуге мүмкіндік береді.