Жамбыл ауданының ұстаздары футболдан кім мықтыны анықтады

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жамбыл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан аумағында орналасқан мектептердің мұғалімдері арасында кіші футболдан «Ұстаздар лигасы» ұйымдастырылды.

Жарысқа барлығы 12 команда қатысып, бақтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды Ю.Гагарин мектеп лицейінің командасы, ІІ орынды Білім бөлімінің командасы, ІІІ орынды Шайқорық орта мектебінің командалары иеленді. Үздік деп танылған құрамалардың ойыншылары кубокпен, медальдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, ойын алаңында өз шебінде үздік ойын өрнегі көрсеткені үшін білім бөлімінің әдіскері С.Патаев «Үздік ойыншы», Ю.Гагарин мектеп лицейінің мұғалімі М.Батырханов «Үздік шабуылшы», Б.Момышұлы мектеп гимназиясының мұғалімі Ә.Қаржаубаев «Үздік қорғаушы», Еңбек орта мектебінің директоры Е.Аширов «Үздік қақпашы», Төле би орта мектебінің мұғалімі Ғ.Садықов «Үздік ардагер ойыншы» номинацияларын иеленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.